Теңіз кенішінде Covid-19 індетінің 160 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 226 адамға жетті, деп хабарлады Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.
Теңіз кен орнында Covid-19 індетінің тағы 15 жаңа жағдайы тіркелді. Науқастар арасында он ер адам және бес әйел бар. Олар кен орнынан тұрғылықты жеріне жету дайындығынан өткен жұмысшылар қатарында. Алгоритмге сай, жұмыс орнынан шығар алдында қызметкерлерден анализ алынған. ПТР диагностикалық тестілеу нәтижесі бойынша Covid-19 диагнозы расталды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда, - делінген хабарламада.
Науқастармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған. Инфекция ошағына да дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2020 жылғы 6 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында 226 адамнан COVID-19 індеті анықталды. Оның ішінде 160 адам - Теңіз кен орнындағы жұмысшылар. Ал, аталмыш дерттен айығып шыққандар саны - 78.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматылық өрт сөндіруші мемлекеттік наградаға ие болды
Келесі жаңалық
ҰҚК 10 радикалды діни идеология жақтастарының жолын кесті
Өзгелердің жаңалығы