Теңіз кен орнындағы жарылысқа қатысты жаңа мәлімет белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теңіз кен орнында болған жарылысқа қатысты жаңа мәлімет пайда болды. 

Кен орнындағы апат кезінде 5 жұмысшы зардап шекті. Екі азамат қаза тапты. Зардап шеккендердің бірі сол жерде, екіншісі кен орнындағы «ТШО клиникасы» емдеу мекемесінде көз жұмды. Үшінші зардап шегуші «Теңізшевройл» ЖШС-не тиесілі ұшақпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір дәрігерлер науқасты тексеріп жатыр. Жарақат алған төртінші жұмысшы Жылой аудандық ауруханасына жеткізілді. Жамбас буынының жабық жарақатын алған. Жағдайы орташа тұрақты. Бесінші зардап шегушіге кен орнындағы «ТШО клиникасы» емдеу мекемесінің қызметкерлері психологиялық көмек көрсетіп жатыр, - деп хабарлады Теңіз кен орнындағы төтенше жағдайға байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кетейік, 6 шілде күні 09:55 шамасында Жылыой ауданында Теңіз қалашығында тұрба жарылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы