Теңіз кен орнындағы жағдай. Арнайы комиссия құрылды
Қазір Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11.02.2023 жылы сағат 10:30-да үзіліс кезінде Теңіз кен орнының үшінші буын зауытының 42-учаскесіне тартылған «Senimndi Kurylys» ЖШС-нің 200 қызметкері жиналып, 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін жұмысқа қабылданған қызметкерлерге бір реттік сыйақыға қатысты түсіндірме беруді талап етті, - делінген Атырау облысы әкімдігі баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазір Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Теңіз кен орнында Жылыой ауданы әкімі Ж.Қаражановтың төрағалығымен арнайы комиссия құрылды.
Комиссия құрамында «Теңізшевройл» ЖШС өкілдері, «Senimdi Kurylys» басшылығы мен жұмысшылары, Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері бар.
Комиссия жұмысының қорытындысы қосымша хабарланады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Министр Алматы облысындағы Шеңгелді ауылында болды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы