Теңіз кен орнындағы қызметкерлер таңдау жасады

Теңіз кен орнында 10 референдум учаскесінің мүшелері жұмыс істеп жатыр. «Теңізшевройл» ЖШС мен мердігер мекемелердің қызметкерлері бекітілген 7 пункте дауыс беруде, деп хабарлайды BAQ.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Теңіз кенішінде 10 мыңға жуық жұмысшы таңдау жасауға өтініш білдірген. Бұл туралы Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мәлім етті. Теңіз кен орнының аумағында дауыс беруге дайындық бірнеше аптаға созылған еді. Дауыс берудің үздіксіз және қауіпсіз процесін ұйымдастыру үшін барлық қажетті шара қабылданды.

Облыс бойынша 274 референдум учаскесі жұмыс істеуде.

Бүгін өңірде 283 референдум комиссиясы жұмыс істейді. Оның 9-ы – аумақтық, 274-і – учаскелік. Жалпы комиссияларда 2037 мүше бар. Дауыс беру процесі вахталық қалашықтарда да өтіп жатыр. Бұл жұмысты 38 учаскелік комиссия жүзеге асыруда.

Барлық учаске материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы