Tengri Bank-тің экс-менеджерлеріне 5,4 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстінің «Бөтеннің мүлкін заңсыз иелену»  туралы 189 бабының 4 бөлімі, 2 тармағы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктілер қатарында Tengri Bank АҚ топ менеджерлері бар. 

9-қараша күні Алматының тергеу соты Б. Ілиясов, Н.Жылқыбаеваны 2 айға дейін қамауда ұстауға арналған санкцияға қол қойды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу амалдарының құпиялығын сақтау үшін өзге ақпарат жарияланбайды, - делінген хабарламада.

Бұған дейін банктің екі қызметкері – банктің басқарма төрғасының орынбасары Бахтияр Ілиясов пен Алматы қаласындағы филиалы директорының орынбасары Әсет Жадықовтың қамауға алынғаны туралы белгілі болған. Естеріңізге сала кетейік, Tengri Bank 20 қыркүйекте лицензиясынан айырылған болатын. Банктің лицензиядан айырылуына бірнеше мәрте пруденциалдық нормаларады бұзуы себеп болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы