"Теңізшевройлдың" 358-ге жуық жұмысшысы Қостанайға барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 сәуірде Қостанай қаласына вахталық әдісімен жұмыс істеген "Теңізшевройл" кәсіпорнының қызметкерлері барады. Олардың бәрі Қостанай облысының тұрғындары. Бұл туралы Облыстық ақпараттық штаб хабарлады.
Атырау облысындағы COVID-19 ауруының өсімін ескере отырып, келген бетте аталған азаматтардың арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанғандарды анықтау мақсатында сауалнама, термометрия жүргізілетін болады. Содан соң, олар уақытша оқшаулау орындарға - облыс орталығының карантин стационарларына жеткізіледі, ол жерде COVID-19 ауруының болу болмауына терең анализ алу әдісімен тексеру үшін олардан материал алынады. COVID-19 зерттеу нәтижелері теріс болған жағдайда, үй жағдайында карантинді қатаң түрде ұстау қажеттілігі туралы жазбаша хабарламаны қолға берумен, 14 күндік инкубациялық кезеңі аяқталғанға дейін бұл қызметкерлер үй карантиніне жіберіледі, - делінген хабарламада.Айта кетейік, COVID-19 зерттеу нәтижелері оң болған жағдайда, аталған санаттағы адамдар ем қабылдау мекемесінің инфекциялық бөліміне емделуге жатқызылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында коммуналдық өтемақыға 700 адам өтініш берген
Өзгелердің жаңалығы