Теңгелік депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелер бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың шілде айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті.
Қысқа мерзімді депозиттер бойынша ұсынылған максималды мөлшерлемелер Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің мәні қайта қаралмағандықтан өзеріссіз қалды. Еске саламыз, олардың деңгейі осы базалық мөлшерлемеге тікелей тәуелді.
24 айға арналған ұзақ мерзімді жинақ және мерзімді салымдар бойынша максималды мөлшерлемелер де бұрынғы деңгейінде қалды. Бұған депозит нарығының осы сегментінде белсенділіктің төмендігі себеп болды. Бұл ретте теңгелік депозиттердің ішінде ең табыстысы - 12 айға арналған, толықтырып отыруға болмайтын жинақ салымдар болып қалуда - 14,0%, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы