Теңге тұрақты валюта – Қуантыров
Экономикамыз жан-жақты дамып жатыр. Бұл туралы мәжіліс кулуарында Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналист вице-министрден "Трамп билікке келуімен елімізге келетін инвестиция көзі азаюы мүмкін бе?" деп сұрады.
Бәрі мүмкін. Инвестиция өсіп жатыр. Бұл жұмысты жалғастырамыз. Өздеріңіге мәлім, экономикамызда диверсификация болып жатыр. 20 жыл бұрын ел экономикасына салынатын 75 пайыз инвестиция тек мұнай-газ бен тау-кен саласына салынса, қазір олардың үлесі тек 34 пайыз. Диверсификация әлі де жалғасып жатыр, – деді Қуантыров.
Вице-министрдің сөзінше, Дональд Трамп президент болған кезде инвестиция көзі азаймаған.
АҚШ үлкен мемлекет. Олар біздің ең ірі инвесторларымыздың бірі. Трамп бұған дейін президент болды. Ол кезде инвестициямыз азайған жоқ. Ал, теңгенің жағдайына келсек, алаңдаудың керегі жоқ. Теңге тұрақты валюта, – деді Әлібек Қуантыров.