Теңге тамыз айында долларға қатысты ең көп нығайған бес валютаның қатарына енді
Қазақстандық теңге тамыз айының қорытындысы бойынша долларға қатысты ең көп нығайған валюталардың қатарына енді. Ай ішінде оның курсы 2,32%-ға өсіп, рейтингте бесінші орынға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Ай ішінде ең көп өсім көрсеткен оңтүстікореялық вона болды. Ол долларға шаққанда 3,41%-ға нығайды.
Одан кейінгі орындарға израиль шекелі (2,69%-ға өсім) және шри-ланка рупиясы (2,42%) жайғасты. Жаңа тайвань доллары 2,32%-ға көтерілсе, одан кейін 2,32% көрсеткішімен қазақстандық теңге тұр.
Оң динамика көрсеткен ондыққа оңтүстік африкалық рэнд, аустралиялық доллар, ботсвана пуласы, исландия кронасы және мексика песосы кірді.
Алайда барлық валюталар үшін тамыз айы нығаюмен аяқталған жоқ. Польша злотысы долларға қатысты 0,26%, швейцария франкі 0,41%, чили песосы 0,56%, швеция кронасы 0,61% жоғалтты.
Аргентина песосы 0,74%-ға, филиппин песосы 1,36%-ға және түрік лирасы 1,56%-ға көбірек төмендеді.
Бразилия реалы америкалық валютаға шаққанда 2,17%-ға, колумбия песосы 2,81%-ға арзандады.
Ең көп әлсіреу ресей рублінен байқалды. Тамыз айында ол долларға қатысты 6,71% жоғалтты.
РИА Новости сауалнамасына қатысқан сарапшылар рубльдің бұл динамикасын күшті нығаю кезеңінен кейінгі курстың қалыпқа келуімен байланыстырады. Олар атап өткен факторлардың қатарында экспорттық түсімнің қысқаруы және тамыз айынан бастап күн сайын шамамен 6,5 миллиард рубльге валюта мен алтын сатып алуға көшкен Ресей Қаржы министрлігінің операциялары бар.
Сонымен қатар, бұл рейтинг РИА Новости тарапынан биржа алаңдарының деректері негізінде есептелген және орталық банктердің ресми бағалауы болып табылмайды.