Теңге депозиті бойынша 10% өтемақыны кімдер алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Салым сомасының 10%-ы көлемінде өтемақы (мемлекеттен біржолғы сыйақы) алуға қазақстандық банктің әр салымшысы, яғни, жеке тұлғалардың да, сол сияқты жеке кәсіпкерлердің де құқығы бар.
Өтемақы 2022 жылдың 23 ақпанынан кешіктірілмей (яғни бірлескен мәлімдеме жарияланған 2022 жылғы 24 ақпанның басында) ашылған және осы мерзімге қалдық сомасы болған теңгелік салымдар бойынша төленеді.
2022 жылдың 23 ақпанынан бастап келесі 12 айда, яғни 2023 жылдың 24 ақпанына дейін депозитті банкте сақтау – өтемақы төлеу үшін міндетті талап.
Қандай салымдар бойынша өтемақы алуға болады?
Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасы кең таралған барлық салымға қолданылады.
Олар:
- жинақ салымдары;
- Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жіктемесіндегі мерзімді, сондай-ақ мерзімсіз салымдар;
- «Отбасы» банктегі салымдар, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясындағы салымдар (AQYL депозиттері).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы