"Теңге 100 есе құлдырады". Ұлттық валютаға сұраныс неге аз?
«Желмая» жобасының қонағы экономика ғылымдарының магистрі, "AnalystGeneration" ғылыми-аналитикалық орталығының басшысы Қажыкелді Шамбыл, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Доллардың бағасы өсіп, теңге құнсызданса не болады? Қымбатшылыққа дайындаламыз ба? Жалпы валюта бағамы не үшін бұлай құбылады? 1 ай бұрын 480 теңге тұратын доллар осы апта 500 теңгеден асып, біресе түсіп құбылып тұр. АҚШ валютасына шаққанда теңге бағамының құлдырау себептері неде?
Теңгенің құнсыздануы сыртқы экономикалық факторларға қаншалықты тәуелді? Мұнай бағасы мен геосаяси жағдайлардың рөлі қандай? Доллар бағамының қымбаттағаны біздің тұрмысымызға, сатып алу қабілетімізге қаншалықты әсер етеді? Шетел валютасына деген сұранысты азайту үшін басқа не істеуге болады? Қазақстанның валюта бағамы саясатына реформа жасау қажет пе? Қандай өзгерістер енгізу керек?
Осы және де өзге де сауалдарға экономика ғылымдарының магистрі, "AnalystGeneration" ғылыми-аналитикалық орталығының басшысы Қажыкелді Шамбыл жауап береді.
«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.
«Желмая» жобасының өткендегі шығарылымының қонағы мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай болған еді.