Тендер дауынан елордаға газ тарту кеш басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордаға газ тарту мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатысушылардың дау-дамайына байланысты тоқтап тұр. Бұл туралы қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов мәлімдеді.
"Астананы газдандыру бойынша үлкен жоба бар. Ол үш кезекке бөлінген. Қазір бірінші кезек бойынша белсенді жұмыс жасап жатырмыз. Бірінші кезекте тоғыз іске қосу кешені бар. "ҚазМұнайГаз" Қызылордадан Нұр-Сұлтанға дейін 1200 км газ құбырын тартады. Біз қаланы газдандырумен айналысамыз, яғни қала ішінде газ тарату желілерін жүргіземіз", - деді ол.Оның сөзінше осы жоба бойынша тендер өткізу мәселесі шешімін таппай отыр.
"Жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтіп, содан бері мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізіліп келеді. Бұл дегеніміз не? Бір-бірімен дауласып, кешенді комиссияның қорытындыларымен келіспейтін әлеуетті жеткізушілер бар. Сол себепті олар сотқа беріп, оны сот сатысы қарастыруда. Ол жерде де қарау рәсімінің мерзімі бар. Бір айда газ бөліп тарату жүйесін салуды бастаймыз деп ойлаймын",- деді ол.
Басқарма басшысы бірінші кезек 2019-2021 жылдар аралығында аяқталатынын айтты.
"Жыл соңында "Көктал-1" аумағында газ болады деген ойдамын. Газ тарату желілерін салатындар бір-бірімен дауласып жатыр. Тендерге қатысатын 11 жеткізушінің әрбірінің өз пікірі бар. Бұл дау 28 қаңтардан әлі күнге дейін жалғасып келеді. Кестеден қалып қойдық", - деді Төлеуов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
74 жыл бұрын Жапонияның Хиросима қаласына атом бомбасы тасталды
Өзгелердің жаңалығы