Теміржолда үй жануарларын тасымалдауға бола ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы жаз маусымына орай «Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржолда үй жануарларын тасымалдау шарттары туралы хабарлады.

Жолаушылар пойызының купелерінде ит, мысық, құс сияқты жануарларды алып жүруге рұқсат берілген. Алайда, бұндай тасымалдың өзіндік ерекшеліктері бар. ҚР инвестиция және даму Министірнің «Жолаушылар және жүк тасымалы» Ережесінің №545 бұйрығына сәйкес үй жануарлары тасымалданған кезде міндетті түрде мына баптарды ескерген жөн: 

- тасымалданатын жануарлардың ветеринариялық құжаттары болуы керек;
- жануар йесі арнайы бір купены толықтай сатып алуы қажет (басқа жолаушылардың аллергиясын алдын алу үшін);
- жануарлар арнайы жәшіктер мен қораптарда тасымалдануы керек. 

Қала маңы пойыздарында үй жануарлары йелерімен бірге арнайы жәшіктерде тасымалданады. 

Ірі тұқымды иттер вагон тамбурында тасымалданады. Оларға міндетті түрде тұмылдырық кигізіліп, қарғы баулары берік байланады. Сол вагонда отырған иттің йесі әр уақытта оны қадағалуы тиіс. 

Сондай-ақ, зағип жандардың жетекшісі болатын иттер тегін тасымалданады. Оларға да тұмылдырық кигізіліп, қарғы бауы қысқа болуы шарт.  
Басқа жануарлар жүк вагондарында тасымалданады.  


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы