Темір жолдағы жүк тасымалы артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан темір жолдарының тармақталған желісі алыс қашықтыққа темір жол көлігімен жүктердің үлкен көлемін тасымалдауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлады ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметі.
Бұл жоғары сенімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ең әмбебап және арзан көлік түрлерінің бірі. Осы жылдың 7 айында темір жол көлігімен 232 млн тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9%-ға артық, - делінген ақпаратта.Бұл ретте, жүк айналымы 168,7 млрд км құрап, 4,4%-ға артты (2019 жылғы қаңтар – шілде-161,7 млрд.ткм).
Темір жол көлігін теңгерімді реформалау бойынша жүргізіліп жатқан саясаттың арқасында бүгін біз темір жол тасымалдарының тиісті өсуін байқаймыз.
Бұл ретте, монополияға қарсы орган құратын икемді тариф белгілеу жүйесіне маңызды рөл бөлінеді, - дейді Көлік комитеті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Головкин». Елордада жаңа мурал пайда болды
Өзгелердің жаңалығы