Теміржол өткелінде ер адамды пойыз қағып кетті
6 тамызда, сағат 19-52-де Қарабұлақ – Тентек теміржол өткелінде ер адамды пойыз басып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"ҚТЖ" АҚ баспасөз қызметі оқыс оқиғаның алдын алу мүмкін болмағанын айтады. Бөгде адамның темір жолға кенеттен атып шығуына байланысты машинист шұғыл тежегішті қолданған.
Алайда арақашықтықтың қысқалығынан оқыс оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. ҚТЖ азаматтарды өте мұқият болуға және темір жолдардың жанында болу ережелерін сақтауға шақырады. Рұқсат етілмеген жерлерде жолдарды кесіп өту қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін де еске саламыз, – деп жазылған хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы