+15

"Теміржол бойында бомба бар": Пойыздар тоқтатылды

"Теміржол бойында бомба бар": Пойыздар тоқтатылды

Франция астанасы Париждегі Гар дю Нор теміржол вокзалында теміржолдың ортасында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі жарылмаған бомба табылуы себепті пойыздар тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Гар дю Нор (Солтүстік вокзал) – бүкіл Еуропадағы ең жүктемесі көп теміржол вокзалы. Ол арқылы жыл сайын 220 млн жолаушы өтеді.

Елдің ірі қалалары мен Еуропаның астаналарына қатынайтын Thalys пойыздары, сондай-ақ Eurostar-дың пойыздары тоқтап тұр.

Соңғы рет Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі снаряд теміржол бойынша Париждің солтүстік шетінде 2019 жылы табылған болатын. Ол кезде қозғалысқа қатты тосқауыл қойылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы