Теміржол билеттері қымбаттай ма?

Бұл сұраққа Сенаттың кулуарында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев жауап, берді деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері Нұрлан Сауранбаевқа пойыз билетінің бағасы қымбаттауы мүмкін бе? деп сауал қойды.

Қымбаттамайды. Әзірше, мұндай жоспарымыз жоқ, - деді Нұрлан Сауранбаев.

Сонымен қатар ҚТЖ басшысы бүгінде жолаушылар тасымалы мемлекет тарапынан субсидияланатындығын еске салды.

Соңғы уақытқа дейін біздегі дизель отынының тарифі қандай болғанын білесіздер ме? Біз дизель отынын 350 теңгеден сатып аламыз. Ал біздің тарифімізде 250 теңгеден бекітілген, - деді Нұрлан Сауранбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы