Теміржол, авиация, теңіз және автомобиль көлігі саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Еуроодақ-Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік маршрутын үйлестіру платформасының іске қосылуы шеңберінде Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаев Румыния Премьер-министрінің Мемлекеттік кеңесшісі Флорин Спатарумен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Келіссөздер барысында қос тарап Қазақстан мен Румыниядағы көлік жүйелерінің, атап айтқанда Транскаспий халықаралық көлік бағыты мен ТРАСЕКА халықаралық көлік дәлізінің қазіргі жағдайы мен ынтымақтастық келісімдері туралы пікір алмасты.
Кездесудің қорытындысы бойынша делегация басшылары ынтымақтастық перспективаларын одан әрі кеңейтуге әрі екі елдің тасымалдаушылары арасында тұрақты байланыстар құру бойынша уағдаластыққа қол жеткізді. Сондай-ақ теміржол, авиация, теңіз және автомобиль көлігі саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада "Әкелер одағының" жұмысы қорытындыланды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы