Теміржанов: Жанкүйерлердің үмітін ақтай алмағаным үшін кешірім сұраймын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан 57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Серік Теміржанов Токио ойындарындағы жеңілісіне қатысты өз пікірін білдірді, деп жазды Olympic.kz. 

Айта кетейік, Олимпиаданың 1/8 айналымында Теміржанов америкалық Дюк Реганнан ұтылған болатын. 

Қолымнан келгенше тырыстым, әлім жетпеді. Бар күшімді салдым. Не істей аламын, соның бәрін жасадым. Жанкүйерлердің үмітін ақтай алмағаным үшін кешірім сұраймын. Барымды салдым, бұйырмады, - деді Серік Теміржанов. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы