Теміртауда жылу құбыры жарылды. Әкімдік түсініктеме берді
Теміртауда жылу құбыры жарылып, көшелерге ыстық су жайылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Instagram-дағы V_krg парақшасында ыстық су жайылған қала көшелерін сипаттайтын бірнеше видео жарияланды. Видеоны жариялаған авторлардың айтуынша, оқиға Теміртау қаласында болған.
Теміртауда құбыр жарылып, көшедегі ыстық суға балалар мен әйелдер күйіп қала жаздауда, - деп жазылған хабарламада.
Көп ұзамай қала әкімдігі аталған оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, 10 қыркүйекте "Оқжетпес-Т" ЖШС қаланың жылу желілеріне температуралық сынақтар жүргізгенін (Қарағанды облысында жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларының 27-тармағына сәйкес) жеткізді.
Бұған дейін компания тұтынушыларды әлеуметтік желілер, БАҚ, аудандардың ОКМС арқылы хабардар еткен болатын. №1 ЖМ ескі учаскесінде (жөндеумен қамтылмаған) ауа компенсаторында, Ду 600 мм (Байсейітова/Құрылысшылар) апат орын алды. Қазіргі уақытта "Оқжетпес-Т" ЖШС күштерімен апатты жағдайды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы оқиға барысында зардап шеккендер жоқ, жол учаскесі жабылды, - деп жазылған әкімдік хабарламасында.