14 Қараша 2026, 17:18 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Теміртауда жолаушылар мінген автобус ағашқа соғылып, жүргізуші көз жұмды

Автобустағы 15 жолаушы зардап шеккен жоқ.

14 қараша күні сағат 10:30 шамасында Теміртау қаласында жолаушылар мінген автобус жол апатына ұшырады. Оқиға кезінде қоғамдық көліктің салонында 15 жолаушы болған.

Алдын ала болжам бойынша, 64 жастағы жүргізушінің қозғалыс кезінде денсаулығы сыр беріп, есінен танып қалған. Соның салдарынан автобус тротуардан өтіп, ағашқа соғылған.

Теміртау қалалық полиция басқармасы Шығыс полиция бөлімінің бастығы Талғат Оспановтың айтуынша, оқиға кезінде автобуста шамамен 15 жолаушы болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қозғалыс кезінде 64 жастағы жүргізушінің денсаулығы нашарлап, есінен танып қалған. Соның салдарынан автобус қозғалысын жалғастырып, ағашқа соғылған. Салонда шамамен 15 жолаушы болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Алайда жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, – деді Талғат Оспанов.

Аталған дерек полицияда тіркелді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.