Теміртауда зейнеткердің банк картасынан 6 миллионнан астам ақша алынған

Полицияға 82 жастағы зейнеткер белгісіз біреу ақпараттық технологияның көмегімен банк қосымшасы арқылы есеп шотынан 6 млн 175 мың теңге шешіп алғандығы туралы хабарлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polizia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы зейнеткер банктен есеп шотында ақша қалмағаны туралы хабарлама келгенде білген. Криминалдық полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы азаматты ұстады. Белгілі болғандай, күдікті зейнеткердің танысы болып шықты. 

Ол жәбірленушіге үнемі көмектесіп, дүкенге барып азық-түлік алған уақытта зейнеткердің банк картасы арқылы төлемақы жасаған. Жәбірленушінің есеп шотындағы ақшаны шешіп алу үшін басқа шотқа бірнеше рет ақша аударып, кейін оны шешіп алғандығын мойындады. 

ҚР ҚК 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы