Теміртауда зейнеткер көлікті ұрлауға тырысқан ұрыға тосқауыл болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртауда зейнеткер көлікті ұрлауға тырысқан ұрыға тосқауыл болды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қарағанды облысы Теміртау қаласының полиция департаментіне 70 жастағы ер адам жүгінді.
Ол белгісіз біреу көлікті ұрлауға тырысқанын айтты. Өтініш беруші құлыпты бұзып, гаражға кіруге тырысқан ұрыны қорқытқаны белгілі болды.
Зейнеткер қаскүнемнің сыртқы белгілерін сипаттады, ол 25-30 жаста еді. Оқиға орнынан полицейлер сынықтар мен бұзылған құлыпты анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 24 жастағы жас жігітті ізін суытпай ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. ҚР ҚК 24-188-бабы «ұрлыққа оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Постковид синдромы. Асқыну қалай білінеді?
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы