Теміртауда трамвай паркі қалпына келтіріле бастады

Трамвай паркін қалпына келтіру бойынша түбегейлі шешім қабылданды және жұмыстың бірінші кезеңі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теміртаулықтар үшін трамвай қозғалысының жаңаруы көптен күткен оқиға болмақ. Металлургтер қаласы үшін бұл жай ғана экологиялық таза көлік емес, тарихтың ажырамас бөлігі. 

Зауыт басқармасынан Республика даңғылына дейінгі трамвай жолдары ауыстырыла бастады. Трамвай инфрақұрылымын қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр. Бұл туралы бас мердігер болатын Qarmet қала құраушы компаниясымен уағдаластыққа қол жеткізілді. Олар бас мердігер болады.

Күрделі жөндеу қажет болатын жолдардың бір бөлігін жобалау, сондай-ақ жолдарды ағымдағы жөндеу, электр бөлігін толық ауыстыру, депоны жөндеу қарастырылған. Сонымен қатар, жаңа трамвайлар сатып алынады. Трамвай қатынасын биыл іске қосу жоспарлануда. Барлық жұмыс аяқталғаннан кейін трамвай паркін қаланың коммуналдық қызметтеріне басқаруға беру туралы мәселе талқыланады. Бұл жоба әдеттегі көлік түрін қайтарып қана қоймай, сонымен қатар қаладағы тұрақты қатынас пен экологиялық жақсаруға маңызды қадам болмақ, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы