Бүгiн 2026, 21:50 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Теміртауда өрт шыққан үйден төрт бала құтқарылды

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Қарағанды облысының Теміртау қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Оқиға 6-ықшамауданда орналасқан көпқабатты үйде болған.

ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, баспалдақ арқылы 7 адамды, оның ішінде 4 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады. Өртті сөндіру барысында пәтерден газ баллоны шығарылып, ықтимал жарылыстың алдын алу мүмкін болды.

Өрт қысқа уақыт ішінде толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына балалардың отпен ойнауы себеп болған. Анасының айтуынша, кіші ұлы асүйдегі газ баллонына қосылған электр плитасын қосқаннан кейін қағаз немесе тез тұтанатын заттарды тұтатуға әрекет жасаған. Соның салдарынан өрт шығып, жалын едендегі кілемге тараған. Қауіпті байқаған бала бірден бөлмеден шығып, ағасы мен атасын оятқан.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.