Теміртауда оқушылар автобустарда тегін жүреді
5 қыркүйектен бастап Теміртауда балалар үшін жол жүру тегін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ONAY! электронды билеттеу компаниясының мәліметіне сәйкес, Теміртауда 5 қыркүйектен бастап 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады. Қызметті пайдалану үшін «ONAY! Балалар» картасын рәсімдеу керек.
Қазіргі уақытта тиісті нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу және жүйені реттеу жұмыстары аяқталуда. Әзірге сәл уақыт бар, ата-аналардан балалардағы көлік карталарының жұмысын тексеруді және қажет болған жағдайда карталарды рәсімдеуді сұраймыз, – делінген компания хабарламасында.
Жеңілдіктің күшіне енуі үшін бала әр сапарды тіркеуі керек. Ол үшін карта валидатор арқылы қолданылады.
Карта болмаған немесе картада ақшалай минимум жеткіліксіз болған жағдайда, балаға жол жүру ақылы болады.
Теміртаудағы ONAY! қызмет көрсету орны: Блюхер көшесі, 13. Толық ақпарат компанияның сайтында.