Теміртауда мобильдік топтар 700-ден астам нысанды тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртауда күн сайын санитарлық-карантиндік талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін мобильді топтар өз жұмысын көрсетті. Қалада осындай төрт топ бар. Рейд барысында журналистердің қатысуымен ХҚКО, супермаркет және шағын дүкендер тексерілді.
Мобильді топ мүшелері қызметкерлер мен клиенттердің маскалары мен қолғаптарының болуына, антисептика мен жуу құралдарының қорына назар аударды. Температуралық бақылауды есепке алу кітабын көрсетуді сұрады. Оларды, сондай-ақ, дымқыл тазалау кестесі қызықтырды.
Басты мақсат - тәртіп бұзушылықтың алдын алу. Рейд барысында олар облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулысының талаптарын түсіндіреді.
Бүгінгі таңда біз қала бойынша 710 нысанды мониторингпен қамтып отырмыз. Заң бұзушылықтар 24 нысанда анықталды. ҚР ӘҚБтК 462 - бабының 3-бөлігі бойынша екі материал сотқа берілді ("мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары (лауазымды тұлғалар), олардың құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынымдарды, қаулыларды орындамау немесе тиісінше орындамау"), - деді Теміртау қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Мереке Мұқашқалиева.
Ең жиі бұзушылықтар - маскалық режимді, қашықтықты сақтамау, міндетті температуралық бақылаудың болмауы.
Теміртауда 8 000-нан астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Біз бизнес өкілдері бас санитарлық дәрігердің талаптарына жауапкершілікпен қарайтынын қалаймыз. Эпидемиологиялық жағдай біздің санаға байланысты. Мобильді топтар аясында және әлеуметтік желілердегі онлайн-парақшаларда ережелерді түсіндіреміз, - дейді Кәсіпкерлер палатасының Теміртау филиалының директоры Азиз Оразұлы.
Естеріңізге сала кетейік, мобильдік топтардың құрамына санэпидемиологиялық қызмет мамандары, ӨҚМҚ қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен "Атамекен" ҰКП филиалдарының өкілдері кірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Былтыр азық-түлік 9,6%-ға қымбаттаған
Өзгелердің жаңалығы