19 Қыркүйек 2026, 13:46 Фото: Теміртау ТЖД

Теміртауда газдың тұтануынан ер адамның денесінің 75%-ы күйіп қалды

67 жастағы үй иесі жансақтау бөліміне түсті.

Теміртаудағы жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы тұтанып, салдарынан үйдің 67 жастағы иесі зардап шекті. Зейнеткер ауыр күйік алып, қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Көршілері қатты дыбысты естіп, құтқарушыларды шақырған. Оқиға салдарынан үйдегі терезелер мен есіктер ұшып кеткен, қабырға зақымдалып, ас үй толығымен қираған. Төбеде ірі жарықтар пайда болған.

Теміртау қаласының төтенше жағдайлар басқармасының алдын ала мәліметінше, оқиғаға газ-ауа қоспасының тұтануы себеп болуы мүмкін.

18 қыркүйекте сағат 06:11-де Теміртау қаласы Пушкин көшесіндегі жеке тұрғын үйде табиғи газдың газ-ауа қоспасы жанусыз тұтанған. Соның салдарынан тұрғын үйдің терезе блоктары мен қабырғасы зақымданған. Жедел жәрдем бригадасы үй иесін, 1959 жылы туған ер адамды, денесіндегі термиялық күйіктермен Теміртау қаласының орталық ауруханасына жеткізді, – деп хабарлады Теміртау қаласының төтенше жағдайлар басқармасы.

Оқиға кезінде ер адам үйде жалғыз болған. Жедел жәрдем бригадасы оны Теміртау қаласының орталық ауруханасына жеткізді.

Қазір науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Денесінің 75 пайызы көгеріп, күйік алған. Жағдайы ауыр, – деді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Газ қызметінің мәліметінше, үйдегі газ жабдығы жақында орнатылған. Оқиғаның қарастырылып жатқан нұсқаларының бірі – газды өз бетінше іске қосу. Алайда зардап шеккен адамның туыстары бұл нұсқамен келіспей, сараптама жүргізуді талап етіп отыр.

Оқиғаның нақты себебі әзірге анықталған жоқ. Барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Теміртау қаласы полиция басқармасының Старогородский полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды.