Теміртауда емхана мен спорт кешені ел игілігіне берілді

Сондай-ақ Қарағанды облысында бірнеше әлеуметтік нысан ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Республика күні қарсаңында Теміртауда емхана мен спорт кешені ел игілігіне берілсе, кеншілер шаһарында аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығы салынған. Сондай-ақ бұл күні баспана кезегін күткен қаншама адам пәтер кілтін алып, қуанышқа кенелді. Ал ел дамуына сүбелі үлес қосқан еңбек майталмандары мемлекеттік наградалармен марапатталды. Аутизм дертіне шалдыққан балалардың ата-аналары аймақ басшысымен болған әр кездесуде орталық салып беруді сұрап келген. Ақыры талап-тілектері орындалды. Жаңа нысан 700 балаға арналған, 20 кабинет жұмыс істейді. 

«Аутизм – баршамызға бір әлем» бағдарламасы бойынша бізде 6 программа жұмыс жасайды. Әр бағдарламада бізде ата-аналар қосымша балалармен бірге сабақтарға кіріп үйренеді. Яғни бұл жерде тек қана баламен ғана емес, ата-ананы үйрету арқылы қоғамға жақындастыру біздің басты мақсатымыз болып табылады, - дейді мұғалім-жаттықтырушы Жанна Ерікқызы.

Мереке қарсаңында мәдениет саласының қызметкерлері де қуанышқа кенелді. Доскей ауылындағы бос тұрған үй жөнделіп, баспана кезегінде тұрған 40 адамға берілді. Жуық арада 100 пәтерлік тағы екі үй қалыпқа келтіріліп, мұқтаж жандарға үлестірілмек. Ал жыл соңына дейін өңірдегі 2 мың адам қоныс тойын тойлайды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы