Теміртауда екі баланың жанжалы әкелерінің оқ атуымен аяқталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртау қаласында мылтықпен оқ атқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
9 мамырда жедел-іздестіру шарасы барысында Теміртау полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады. Armsan маркалы тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - делінген ведомство хабарламасында.
Еске салсақ, 8 мамырда кешке Теміртаудағы 8-шағын аудандағы аулалардың бірінде екі кәмелетке толмаған бала арасында жанжал туған. Оларды ажырату үшін әкелері шыққан көрінеді. Кейін екі әкенің арасындағы ұрыс-керіс салдарынан біреуі мылтық алып шығып, аспанға екі рет оқ атқан.
Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс тіркелген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Майданға қатысқан Зеленый Гай ауылының батырлары
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы