Теміртауда дебатерлерге арналған жазғы лагерь жұмысын бастады

Теміртауда "CUP-2024" жазғы пікірсайыс лагері ашылды. Мұнда интеллектуалды әлеуетті ашып, 50 жас және тәжірибелі сөз шеберлері шешендік қабілеттерін дамытады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екі күн ішінде жас спикерлер жаңа білім алып, ойындарға қатысты.

Бірінші күн облыстың бес тәжірибелі спикерінің тренингтері мен шеберлік сабақтарына толы болды. Оқыту екі тілде жүргізілді. Келесі күні турнир өтті. Қазақ лигасында 8 команда, орыс лигасында 16 команда бақ сынасты.

Үздік спикерлер марапатталды, – дейді жоба жетекшісі Әйгерім Ержанова.

Көшбасшылық қасиеттерді дамыту бойынша тренингпен лагерьге Теміртау қалалық мәслихатының депутаты Баян Мамитова келді.

Балалар үшін мұндай көшпелі пікірталастар, тренингтер мен турнирлер өткізу өте маңызды. Бұл үлкен танысу алаңы. Мұнда олар жаңа достар табады, басқа атмосфераға түседі. Мұның бәрі жақсы көңіл-күй тудырады, оның әсерінен күш пен энергия пайда болады, өмірге деген көзқарас өзгереді. Бала өз қателіктерін байқайды, оларды түзетеді және өзі үшін жаңа нәрсе табады. Мұның бәрі жеке дамуға әсер етеді, – дейді Баян Мамитова.

"Cup-2024" дебатерлерінің жазғы көшпелі лагері Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығының тапсырысы бойынша іске асырылатын жоба шеңберінде өткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы