Теміртауда әйел адам қоқыстың кесірінен өртеніп кете жаздады
Қарағанды облысының өрт сөндірушілері әйелді құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Теміртау қаласы Менделеев көшесі бойында үш қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде қоқыс өртенген.
Өртті сөндіру жұмыстары барысында құтқарушылар пәтерден 1940 жылы туған әйелді құтқарып, оттан 1 газ баллонын қауіпсіз аймаққа шығарды. Оған медициналық көмек қажет болмады. ТЖМ күшімен жану толығымен сөндірді, - делінген хабарламада.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Анталия әуежайына қонған ресейлік ұшақ өртке оранды
Келесі жаңалық
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрін қабылдады
Өзгелердің жаңалығы