Теміртауда ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 шілде күні Қарағанды облысында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.
2020 жылдың 3 шілдесінде Теміртау қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, - делінген хабарламада.
Басқа қалалардағы метеорологиялық жағдай қалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ-да елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елбасы халыққа ризашылығын білдірді
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы