Теміртауда із-түзсіз жоғалып кеткен адамның денесі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртау қаласының полицейлері бір тәулікке жеткізбей, Қарағанды облысындағы кісі өліміне қатысты қалмысты ашты.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ комбинатынан 200 шақырым жердегі құдықтан денесінде зорлық-зомбылық белгісі бар, бұрын із-түзсіз жоғалғандар санатында болған 50 жастағы қала тұрғынының мәйіті табылды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні ұстау және анықтауға байланысты барлық ішкі істер органының жеке құрамына бағыттама берілді.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 және 43 жастағы екі азамат ұсталып, қылмыстарын мойындады. Қазіргі уақытта дәлелдемелерді жинауға байланысты тергеу әрекеттері жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлемдегі ең қымбат монета саудаға шығарылды
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы