Теміртауда 1 мамырдан бастап ONAY жүйесі іске қосылады

Теміртау қаласының қоғамдық көліктерінде бірінші мамырда электронды төлем жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Қала әкімдігі мамыр айында қалалық автобустарда жүру тарифі өзгеріссіз қалатынын хабарлады. Сараланған тарифті енгізу туралы мәселе қарастырылып жатыр.

Қалалық автобустарда жол ақысын көлік карталарының көмегімен немесе баламалы тәсілдермен төлеуге болады: ONAY! мобильді қосымшасы, көліктің QR коды бойынша, SMS жіберу арқылы, сондай-ақ қолма-қол ақшамен.

Мамыр айында қалалық автобустарда жол жүру тарифі өзгеріссіз қалады. Жол жүруді ONAY! жеке көлік картасымен тіркеу кезінде "Республикалық жеңілдік" (марапатталған көп балалы аналар мен 1-топтағы мүгедектерге ресімделеді) – жол жүру тегін. Жол дүру ақысын "7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар" картасымен тіркеу кезінде толық тарифтің 50% төленеді. Қолма – қол ақшамен төлеген кезде барлығы үшін 70 теңге, – деп түсіндірді қала әкімдігінде.

Жеңілдікті карталарды қызмет көрсету пунктінде, балаларға  мектептерде рәсімдеуге болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы