Теміртау театрында заманауи қазақстандық пьесалар фестивалі өтеді

Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған театры "Драма.kz/Города" қазіргі заманғы қазақстандық драматургияның екінші аймақтық фестивалін өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Театр өнерін сүйетіндерді ұжым 18 қарашада сағат 12:00-де күтеді.

Бірінші аймақтық "Драма.kz/Города" қойылым оқу фестивалі өткен жылы Теміртауда ұйымдастырылған болатын. Көптеген оң пікірлер айтылған соң, Теміртау қаласының балалар және жасөспірімдер театры бұл шараны дәстүрлі ету туралы шешім қабылдаған.

Фестиваль бағдарламасында қазіргі қазақстандық авторлардың үш пьесасы мен дәрістерін оқу қарастырылған. Бұл ретте көрермендер фестивальдің толыққанды қатысушылары болады. Олар жаңа мәтіндермен танысып қана қоймай, өз әсерлерімен бөлісе алады.

Фестивальге кіру тегін, бірақ алдын ала тіркелу қажет: +7-708-144-27-28. Орындар саны шектеулі.

Толық кесте театрдың Instagram әлеуметтік желісінде жарияланады – @temirtau.tuz.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы