Теміртау қаласында 6 адамның індет жұқтырғаны анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 7 науқас тіркелді. Бұл туралы Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Оның алтауы - 1968, 1983, 1981, 1992, 1979, 1987 жылғы әйел адамдар. Теміртау қаласының тұрғындары. Осыған дейін жұқтырған науқастармен байланыста болғандықтан, провизорлық ауруханаға жатқызылған болатын. ПТР-сараптамасының нәтижесінде науқастарда COVID-19 диагнозы нақтыланды. Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. 7-ші жағдай COVID-19 қауіп топтарын скринингтік зерттеу барысында анықталды. Нәтижесінде, COVID-19 Қарағанды қаласынан 1985 жылы туған ер адамнан нақтыланды. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды - делінген хабарламада.
2020 жылғы 26 сәуірдегі жағдай бойынша облыста инфекцияның 120 жағдайы анықталды, оның ішінде 1 өлім жағдайы және 37 науқас жазылып шықты.