"Темірмен" жұмыс жасау әрқашан төзімділікті талап етеді – Тоғжанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов металлургтерді мерекесімен құттықтады.
Құрметті металлургтер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздер аса маңызды кәсіп иесі ғана емес, Қазақстан металлургиясының даңқын шығарған дәстүр мұрагерлерісіздер. Сөзсіз, металлургия өнеркәсібі ел экономикасында айрықша орын алады. Металлург күні – металдарды өндірумен және өңдеумен байланысты барлық мамандық өкілдерінің мерекесі. "Темірмен" жұмыс жасау әрқашан жоғары төзімділікті, ерік-жігерді, қатаң тәртіпті талап етеді. Бұл саланың тиімді болуына көбінесе өнеркәсіп пен құрылыс, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс саласы, әлеуметтік және көлік салалары тәуелді, – деді Премьер-министрдің орынбасары.
Сондай-ақ ол қара және түсті металлургияның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ардагерлерге ерекше алғысын айтты.
Құрметті металлургтер! Шын жүректен Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – металлургтер күнімен құттықтаймын. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт және амандық, еңбекте жаңа жетістіктер тілеймін, – деп жазды Тоғжанов.