Темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 515 адам жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы 19-21 шілде аралығында Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында поездардың шұғыл тежеу, қағып кету, теміржолда жарақат алу фактілерінің алдын алу мақсатында «Тоқтаңыз! Басып кету қаупі бар!» акциясы өтті.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, акция кезінде көлік полицейлері теміржол ұйымдарының қызметкерлерімен бірлесіп 140 рейдтік іс-шара, профилактикалық сипаттағы 286 кездесу өткізді. 

Сондай-ақ темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 515 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Поездарды шұғыл тежеудің 16 фактісі тіркелді, оның ішінде адамдардың болу себебі бойынша – 2, теміржол төсемінде малдың болуымен байланысты – 14.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы