«Қазақстан темір жолы» АҚ-ның бірнеше қызметкері пара алды деп күдіктелуде
Астана, BAQ.KZ. 30-дан астам адамға, соның ішінде, «Қазақстан темір жолы» компаниясының бірқатар қызметкеріне пара алды деген күдік тағылуда. Ауқымды арнайы операция жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында хабарлады. Бұл жөнінде КТК арнасы ақпарат таратты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мекеме қызметкерлерінің айтуынша, инспекторлар, бекет бойынша кезекшілер, полицейлер және тағы басқа қызметкерлер заңсыз ақша тауып келген. Арнайы операция Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары және Астана қаласында жүргізілді.
«Анықталғандай, лауазымды тұлғаларға тексеру жүргізілмегені және жалпы қолдау көрсетуі үшін жолсеріктер мен пойыз бригадирлері тұрақты негізде пара беріп келген. Пара көлемі 8 мың мен 40 мың теңге аралығында болған. Қазір тергеу осы алымдардың нақты сомасын анықтап жатыр. Ол жайында кейінірек хабарлаймыз», - деді Ұлттық бюро басшысының орынбасары Шыңғыс Қабдулла.
Мұндай сыбайласқан жемқорлықтың бүтіндей бір сызбасын әшкерелеуге құпия сатып алушы көмектескен.
Жедел қызметкерлер әйел адамның Қарағандыдан Алматыға дейін билетсіз жол жүруі үшін теміржол қызметкерлерімен келіскенін видеоға түсіріп алған. Ол пойызда билетсіз жүру үшін 8 мың теңге төлеген.
Ұлттық бюрода атап өткендей, мұнда делдалдар маңызды рөл ойнап отыр: әдетте дәл солар бекет пен перрондарда заңсыз жол жүруді ұйымдастыруды ұсынады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
Өзгелердің жаңалығы