Темір жол арқылы жолаушы тасымалдау 2,5 пайызға артқан

Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл 10 айда темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 200 млн 46 мың тоннаға жетіп, 3%-ға өсті. Жыл соңына дейін шамамен 300 млн тонна жүк тасымалданатын болады. Қазіргі уақытта теміржол көлігі экономиканың экспорттық бағыттағы қажеттіліктерін толық көлемде қамтамасыз етеді. Жыл басынан бері экспорттық тасымалдау 70 млн 700 мың тоннаны болып, 8,5%-ға өсті, – дейді Қарабаев.

Оның айтуынша, транзиттік тасымалдар да белсенді қарқынмен дамуда. 

10 айдың қорытындысы бойынша транзиттік жүк тасымалдау көлемі 19%-ға өсіп, 22 млн 500 мың тоннаға жетті. Бұл ретте контейнерлік тасымалдар 15%-ға ұлғайды. Жолаушыларды тасымалдау көлемі 2,5%-ға артып, 16 млн 600 мың жолаушыны тасымалданған, – деді Көлік министрі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы