"Темір тор артындағы балалық шақ" деректі фильмі. Қателік құны қандайлық?
Алматы облысының прокуратурасы шынайы оқиғаларға негізделген қысқаметражды деректі фильмді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Фильм сюжеті есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар мен тұлғаға қарсы жасалған қылмыстар үшін түрмеге түскен жасөспірімдердің тағдырына арналған.
Бұл бейнеролик жасөспірімдерге арналған түзету мекемесінде түсірілген. Онда сотталған жас жігіттер өз оқиғаларымен бөлісіп, құрдастарын ауыр қателіктер жасаудан және осындай құқық бұзушылықтардың салдары қандай болатынынан сақтандыруға тырысады.
"Темір тор артындағы балалық шақ" деректі фильмі жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және негізгі өмірлік әрі мәдени принциптерді қалыптастыруға бағытталған маңызды әлеуметтік идеяны көтереді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда түн тыныштығын бұзған меломан жауапқа тартылды
Келесі жаңалық
Франция Майотта аралында төтенше жағдай жарияланды
Өзгелердің жаңалығы