Теменов: Корея-Қазақстанның Азиядағы маңызды стратегиялық серіктесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы СІМ көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Дидар Теменов Париж келісімі міндеттемелерінің орындалуы үшін Корея мен Қазақстанның ынтымақтастығы туралы өткен дөңгелек үстел барысында айтты.
Корея біздің Азиядағы маңызды стратегиялық серіктесі екенін айту керек. Біздің елдер БҰҰ аясында белсенді ынтымақтасып, бастамаларға өзара қолдау көрсетеді. Көмірсутекті бейтараптыққа жету қазір жаһандық маңызды бастаманың бірі болып есептеледі. Сол себепті Қазақстан 2060 жылға таман көмірсутекті бейтараптыққа жетуді мақсат етті. Сондай-ақ 5 жылда 2 млрд ағаш отырғызу мақсатын қолға алдық,-деді ол.
Теменов айтқандай, Қазақстан Кореямен тәжірибе алмасу ынтымақтастығын дамытуға мүдделі.
Себебі Кореяның қазіргі уақытта жасыл экономика саласындағы технологиялары жоғары. 2017-2019 жылдары Арал теңізінің құрғаған түбіне ағаш отырғызу бастамасын да Корея қолдаған еді. Қазақстанның жаһандық өсім институтына болашақта қосылуы көміртекті бейтараптыққа жету ынтымақтастығын арттыра түсіреді,- деді Дидар Теменов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маңғыстау облысында 2025 жылға дейін 26 мектеп салынады
Келесі жаңалық
«Барыс» «Авангард». Елордалық команданың құрамы жарияланды
Өзгелердің жаңалығы