Темекі өнімдерінің ірі партияларын заңсыз әкелудің жолы кесілді
2024 жылғы мамырда ҰҚК Шекара қызметі «Сырым», «Сыпатай батыр» және «Қарасу» автомобиль өткізу пункттерінде жалпы сомасы 200 млн теңгеден асатын декларацияланбаған 380 мыңнан астам қорап темекі тасымалдауын тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, темекі өнімдері көлік құралдарының арнайы жабдықталған жасырын орыннан табылды.
Одан әрі қаралуы үшін алынған жүк аталған облыстардың экономикалық тергеу департаменттеріне берілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
TOP-5: Еліміздегі бірегей гидротехникалық құрылыстар
Өзгелердің жаңалығы