Темекі өнімдерінің барлық түрі үшін цифрлық таңбалау міндетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ 1 сәуірден бастап темекі өнімдері мен темекі алмастырғыштардың барлық түрлері үшін цифрлық таңбалау міндетті болды. Бұл ақпаратты ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі таратты.
Бұдан былай өндірушілер мен импорттаушылар сигареттерді ғана емес, сигараларды, сигариллаларды, кальян темекісін және тіпті электрондық сигареттерге арналған стиктерді де Data Matrix кодымен таңбалауы тиіс.
Осы топтардың таңбаланбаған тауарларының қалдықтары 2022 жылғы 1 сәуірге дейін сатылуы мүмкін. Бұл норма «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 қаулысымен реттеледі, - делінген хабарламада.
Қазақстанда баламалы темекі өнімдерінің сегменті негізінен (жалпы көлемнің 90%-тен астамы) электрондық сигареттерге арналған стиктермен ұсынылған. Бұл топтың негізгі импорттаушылары Филип Моррис Қазақстан и Бритиш Американ Тобакко Қазақстан компаниялары.
Сигаралар мен сигариллаларды Қазақстан нарығына жеткізушілердің аясы кеңірек, сондықтан олар үшін стикеттеу және заттаңбалау сияқты цифрлық таңбалаудың қосымша тәсілдері айқындалды. Олар таңбалау жабдықтарына күрделі шығындарды талап етпейді, - делінген комитет таратқан хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Цой 6 миллион доза вакцина жеткізу жоспары барын айтты
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы