Темекі өнімдерін сәйкестендірусіз өткізу фактілері тіркелді

Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарынсыз өткізу фактілері бойынша 4 қылмыстық істі тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Анықталған темекі өнімдерінің жалпы сомасы 168 млн теңгеден асады. Жүргізілген рейдтер барысында сәйкестендіру құралдарынсыз темекінің жария түрде сатылғаны, сондай-ақ Қостанай қаласының аумағында сақтау орындары анықталды. Айналымнан 290 мыңнан астам қорап темекі алынды. 

Заңсыз қызметті жүзеге асырған 4 күдіктіге қатысты қылмыстық істер сотқа жіберілді. Сот оларды кінәлі деп танып, айыппұлдар мен бас бостандығын шектеу түріндегі түрлі жазалар тағайындады. Барлық тәркіленген өнім жойылуға жатады. 
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы