Тележүргізуші 17 жыл құлдықта болған қыздарды мерекемен құттықтады
17 жыл бойы ағасында құлдықта болған апалы-сіңлілі Назгүл бен Құндызды журналист Руслан Өтепбай 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай құттықтап барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында қыздардың бір-бірінен басқа ешкімі жоқ екенін айтты.
Көктем мерекесі – айнала әрленіп, қыздар жақындарынан жылы сөз естіп, сүйіктілерінен сыйлық алатын шақ. Әсіресе, 8 наурыз мерекесін жаныңа жақын жандармен өткізгенге не жетсін… Алайда Назгүл мен Құндыздың бұл фәниде бір-бірінен басқа ешкімі жоқ. Сондықтан әпкелі-сіңлінің көңілін көтеріп, сұрсыз күндерін сәндеу үшін гүл шоқтары мен тәттілерді алып, кіріп шықтым. Қыздар марқайып қалғандай… Ағайын, қос қыздың тағдыры сіздерге де сабақ, үлгі-өнеге болсын. Қысқа ғана өмірде бір-бірімізге демеу, бауырларымызға медеу болып жүрейік!» - деп жазды журналист.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әскери оркестр елордалықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы