Телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады

 24 қаңтарда сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Осыған байланысты, осы жылдың 24 қаңтарында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қ. уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз, - делінген ақпаратта.

Сall Сenter: 193, +7 (727) 2 581 500, 8 8000 800 193

e-mail: abonent@otautv.kz

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы