Енді денсаулыққа қатысты бірқатар анықтаманы Telegram-ботынан алуға болады
Алматы, BAQ.KZ. Наркологиялық, психоневрологиялық, туберкулез диспансерінен берілетін анықтамаларды енді Telegram-ботында алуға болады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Енді азаматтар Денсаулық сақтау министрлігінің қосымша үш қызметін Telegram көмегімен алады.
• Наркологиялық диспансерден анықтама;
• Психоневрологиялық диспансерден анықтама;
• Туберкулез диспансерінен ұйымнан анықтама беру.
Анықтамалар тегін беріледі. Аталған анықтамаларды онлайн режимде алу жеңіл, әрі азаматтардың уақытын айтарлықтай үнемдейді.
Қызметті алу үшін «Мобильдік азаматтар базасында» тіркелу қажет, яғни өз телефон нөмірін eGov.kz порталының Жеке кабинетінде тіркеп, өзіңіздің гаджетіңізде, Telegram мессенджердегі ботты іске қосу қажет (@EgovKzBot деп іздеу керек).
Бұдан әрі алдын-ала белгіленген бұйрықтарды жолдау және сұранысты SMS-код арқылы растау арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға болады, әрі сұраулардың нәтижесін бірден пайдаланушының электрондық поштасына жіберуге болады.
Қазіргі уақытта Telegram-бот арқылы қол жетімді сервистер мен қызметтердің саны 20-ға жеткен.