Телефондарды палауға жасырып, тергеу изоляторына өткізбек болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада телефондарды палауға жасырып, тергеу изоляторына өткізбек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қызылордада ЗК-169/1 мекемесінің сәлем-сауқаттарды қабылдау бөлмесінде ыстық тағам арасына бірнеше ұялы телефон салып өткізбекші болған азамат ұсталды. 

Ә. есімді азамат Қызылорда қаласы ЗК-169/1 мекемесінде қамауда отырған, ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша айыпталушы 28 жастағы Б. есімді танысына сәлем-сауқат алып келген. Тексеру барысында палаудың ішінен үш телефон және бір қуаттағыш, үш SIM-карта тәркіленді. 

Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес (Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) әкімшілік материалдар жиналып, сотқа жіберілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы